Жоба экономиканың басты секторларындағы еңбек өндірісінің жоғарылауы және өнеркәсіптің негізі салаларындағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын жақсартуға бағытталған.
09:45, 09 Шілде 2010
Дүниежүзілік банк Қазақстандағы кәсіби техникалық білім беру жүйесін реформалауды қолдайды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Кеше Дүниежүзілік банктің Атқарушы директорлар кеңесі Қазақстан Республикасындағы Техникалық және кәсіби білім беруді жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін 29,2 миллион АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады.