«Дүниежүзілік банк әлеуметтік жобаны іске асыруды көздеген жастарға 1 млн теңгеге дейін қаржы бөлмек. Олар өндірген өнім сатылымға емес, балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға беріледі», - делінген таратылған ақпаратта.
Сонымен қатар өңірде жастардың сапалы білім алуы үшін облыс әкімінің арнайы гранты бөлінеді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 600-700-ге жуық жасты оқуға тарту жоспарланып отыр. Мұнан бөлек барлық мектепте кәсіптік бағдарлау кабинеттері ашылатын болады. «Жасыл ел» бағдарламасымен жаз айларында жұмыспен қамтылатын жастар саны 1500-ге жеткізіледі.