Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша әлемдік жалпы өнім 2010 жылы 2,7 пайызға артады

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Дүниежүзілік банктің бағалауынша 2010 жылы әлемдік жалпы өнім - 2,7, ал 2011 жылы 3,2 пайызға өсуі болжанады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банктің ағымдағы жыл бойынша дайындаған баяндамасында 2009 жылғы 2,2 пайыздық төмендеуден кейін әлемдік жалпы өнім 2010 жылы - 2,7, 2011 жылы 3,2 пайызға артатыны болжанады. Бұнымен қоса, дамушы елдер перспективасы үшін нақты экономикалық өсім 2010 жылға - 5,2, ал 2011 жылға 5,8 пайыздық деңгейде болжануда, бұл мемлекеттердің 2009 жылғы көрсеткіші 1,2 пайызды құраған болатын. Ал дамыған елдердегі жалпы ішкі өнім 2009 жылғы 3,3 пайызға қысқарғаннан кейін баяу қалыпта 2010 жылы - 1,8, 2011 жылы 2,3 пайыз деңгейінде болжанады.