Дүниежүзілік бокс кеңесі 55-ші конвенцияны Қазақстанда өткізу туралы ресми жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2017 жылы жыл сайынғы 55-ші конвенция Қазақстанда өткізілетіні туралы ресми жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бұл туралы Холливудте (Флорида) өткен (11-17 желтоқсан) WBC 54-ші конвенциясында Дүниежүзілік бокс кеңесі мақұлдады.

Айта кетейік, таяуда WBC белбеуінің жаңа дизайнында Қазақстанның туы бейнеленеді. Бұл Геннадий Головкин WBC титулы мен белбеуін жекпе-жексіз алғаннан кейін мүмкін болды. Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес қазақстандық чемпионмен жұдырықтасудан бас тартқан еді.