Коттоның мәлімдемесінен кейін WBC президенті Маурисио Сулейман оның ұйымы Коттоға атағын өз еркімен қорғауына маусым айында рұқсат беретінін, одан кейін ол (немесе бұл жекпе-жектің жеңімпазы) Головкинге қарсы шығатынын тағы бір рет растап өтті.
«Мигель Котто қарсыласын таңдап, атағын өз еркімен қорғау мүмкіндігін алады. Бірақ жеңімпаз Головкинмен жекпе-жекке шығуы тиіс болады», - деп атап өтті Сулейман.