«Астана Арландары» командасының капитаны бірінші раундта кубалық боксшыны 9-10 есебімен алға жіберіп алған еді. Бұдан кейінгі раундтарда есеп теңесіп қана қоймай, Самат Бәшенов өзінің шаршы алаңда басымдығын дәлелдеді. Соққы алмасу барысында қабағын жарып, жарақат алғанына қарамастан «Арландар» капитаны барын салып өнер көрсетті. Осылайша, қорытынды есеп бойынша қапталдағы үш төреші де қазақстандық Самат Бәшеновтың жеңісін мойындады: жалпы ұпай : 48-47.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі кездесулерде Теміртас Жүсіпов жеңіске жетсе, Қайрат Ералиев қарсыласына есе жіберіп алған болатын.