Екі кездесуден тұратын ақтық сайыс мамырда және маусымда ұйымдастырылады. Жақын арада осы жекпе-жектер Бакуде немесе елдің қай өңірлерінде өткізілетіні туралы анықталады. Атап айтқанда, турнирдегі жеңіс үшін «Баку Файрс» пен кубалық «Куба Домадорес» боксшылары қолғап түйістіретін болады.
Жартылай финалдық кездесулерде «Баку Файрс» қазақстандық «Астана арландарын» ұтса, ал «Куба Домадорес» Ресейдің құрамасын тізе бүктірді.