Айта кетейкі, аталмыш күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітіліп, алғаш рет 1998 жылғы 5 мамырда әлемнің 35 елінде аталып өтті. Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл күні бронхиалды демікпемен (астма) ауыратын жандар үшін танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып, мамандар тарапынан арнайы кеңестер беріледі.
Шараға қатысуға ниет білдірушілер үшін №1 қалалық ауруханаға тегін автобустар ұйымдастырылады. Автобустардың жүру уақыты мен жөнелтілетін орны: - №5 қалалық емханадан (Ақан сері көшесі, 20), сағ. 13.00. - №4 қалалық емханадан (Шевченко көшесі, 103), сағ. 13.00. - №9 қалалық емханадан (Абылай хан даңғылы, 30), сағ. 14.00.