Дәрігерлер мен медбикелер әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керектігін ескерту, денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында көпшілік алдына шықты.
Сонымен қатар, аудандағы Бастапқы медико-санитарлық көмек орталығы мен дәрігерлік амбулаториялардың дәрігерлері аурудың алдын алу мен қатерлі ауруларды дер кезінде анықтау мақсатында арнайы семинар ұйымдастырып, күнделікті кездесетін көкейкесті мәселелерді талқылады.
«Денсаулық - адам өмірі үшін ең басты құндылық екені бәрімізге мәлім. Қоғамның назарын ең басты мәселеге аудару үшін және әр адам өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында 1950 жылдан бастап 7 сәуір күні дүниежүзілік Денсаулық күні болып жарияланған болатын. Әр жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 7 сәуір күнін ерекше атап өту үшін, көкейкесті мәселеге байланысты лозунгтар белгілеп, адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында үндеу жасап жатады», - деді ұйымдастырушылар.
2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Денсаулық күнін «Universal health coverage» - «Баршамызға денсаулық» - лозунгымен атап өтпек екен.