Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: А (H1N1) вирусын жұқтырудың 6 мың 497 оқиғасы расталды

None
МӘСКЕУ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 14-індегі жағдай бойынша, әлемнің 33 елінде А (H1N1) вирустық тұмауымен ауырудың 6 497 оқиғасы зертханалық жолмен расталды.
Бұл туралы Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлап отыр. Тағы 65 адам індеттің салдарынан көз жұмғандар санатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Мексикада А (H1N1) тұмауын жұқтырудың 2 мың 446 оқиғасы тіркеліп, індет салдарынан 60 адам қайтыс болса, АҚШ-та 3 мың 352 оқиға тіркеліп, 3 адам көз жұмған. Бұдан басқа Канада, Испания, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Израиль, Австрия, Германия, Дания, Нидерланды, Швейцария, Қытай, Корея, Франция, Коста-Рика, Италия, Сальвадор, Колумбия, Ирландия, Португалия, Гватемала, Швеция, Польша, Бразилия, Аргентина, Австралия, Жапония, Панама, Норвегия, Таиланд, Куба және Финляндия елдерінде А (H1N1 вирусын жұқтырғандар тіркелген.