Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 72 еліне H1N1 вирусына қарсы дәрі-дәрмек жөнелтеді

None
ЖЕНЕВА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы H1N1 вирусын жұқтыру оқиғалары тіркелген әлемнің 72 еліне дәрі-дәрмек жөнелтпек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Өзінің тиімділігін көрсеткен дәрі-дәрмектер 2,4 миллион адамды емдеуге жетеді, деп хабарлады Ұйымның ресми өкілі Фадела Шаиб.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрынғы «доңыз тұмауы» деген атаудан бас тартты, себебі ол атау адамдарды адастырып отыр, дейді мамандар. Ғалымдардың пікірінше, ауруға доңыздың еті себеп емес көрінеді, мутацияға ұшыраған вирус ауа арқылы беріледі.