Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: бала өлімі әлі де жоғары деңгейде

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына қарағанда, соңғы мәліметтер бойынша дәрігерлер мен гуманитарлық ұйымдар әлемдегі бала өлімін төмендетуде бірқатар жетістіктерге жеткен. Алайда 2015 жылға дейін оның деңгейін үштен екіге азайту жөніндегі ұзақ мерзімді мақсатты орындауға мүмкіндік жоқ деп хабарлайды БиБиСи.

Таратылған мәліметтер 1990 жылдан 2011жылға дейінгі аралықта бес жасқа жетпей қайтыс болған балалар саны 12-ден 7 миллионға дейін азайған.

ДДСҰ бұрынғысынша денсаулық сақтау мен медицинаның қолжетімділігі мәселесінде әлі де сақталып отырған теңсіздіктерге назар аударады, сонымен қатар бұл салада соңғы жылдары едәуір өзгеріс болғандығын атап өтті. Мәселен, қазір Қытайда туған бала өмірінің ұзақтығы көптеген Шығыс Еуропа елдеріне қарағанда жоғары болып отыр.