Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары доңыз тұмауы пандемиясының аяқталғаны туралы ресми жариялады. Олар бұл ақпаратты бүкіл әлемнің түпкір-түпкірінен осы індетке байланысты жиналған статистикалық мәліметтерді өңдеу негізінде таратты.
Сөйтіп, өткен жылдың шілде айында пайда болған індет ресми аяқталды. Доңыз тұмауынан әлемде 18 адам мерт болды.