Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескертеді: жазда гепатит жұқтыру қаупі жоғары

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін – әлемде гепатитке қарсы күрес күні. Осыған орай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жазғы демалыс кезінде шетелге саяхаттағанда гепатит жұқтырып алу қаупі жоғары екенін ескертеді. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар сайты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ДДСҰмамандарының айтуынша, гепатиттің үш түрінің ішінде А гепатиті азырақ қауіптөндіреді. Одан қарапайым гигиена ережелерін сақтау арқылы сақтануға болады.Мамандар ең алдымен судың таза болуын үнемі қадағалап отырған дұрыс екенінайтады. Егер сенімсіз болсаңыз, тіпті тіс жуғанға да тек қайнатылған немесебөтелкедегі суды пайдаланған жөн.

В гепатитіқан немесе басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. Маникюр, педикюр,пирсинг немесе татуаж жасатқанда да сақ болу қажет. Сондай-ақ қорғалмағанжыныстық қатынас кезінде де осы ауру жұғады. С гепатиті де солай. Бірақкөбінесе аурудың бұл түрі қан құю, тіс емдеу кезінде жұғатын көрінеді.

В және Сгепатиттерін дәрігерлер «үнсіз» ауру деп атайды. Өйткені олардың көбінесесимптомдары байқала қоймайды. Алайда мұның ақыры аянышты аяқталуы мүмкін.Өйткені бауыр қатты зақымданып, обырға әкеп соқтыруы мүмкін.

Мамандар Ажәне В гепатиттерінен ең сенімді қорғаныс – вакцина егу екендігін айтады.