Дүниежүзілік допингіге қарсы агенттігі (WADA) Алматыда допинг-сынамаларын тексеретін жаңа зертханалардың аккредитациясын мақұлдады
15:44, 22 Қаңтар 2011
АЛМАТЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік допингіге қарсы агенттігі (WADA) Алматыда допинг-сынамаларын тексеретін жаңа зертханалардың аккредитациясын мақұлдады, деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігі.
Алматы қаласында орналасқан зертхана Дүниежүзілік допингіге қарсы агенттігінің 2007 жылы басталған аккредитациялау үдерісінен сәтті өтті.
«Алматыдағы зертхананың аккредитациядан өткеніне табылғанына қуаныштымыз», деп мәлім етті халықаралық ұйымның президенті Джон Фейхи.
Әлем бойынша Дүниежүзілік допингіге қарсы агенттігінің спортшыларға допинг-тексеру жүргізетін 35 зертханасы бар.
Ал VII қысқы Азиялық ойындарға қатысушылар Қазақстанға біртіндеп келіп жатыр. Олар климатқа бейімделуден өтуде.