«Өздеріңіз білесіздер, «Бауыржан» қайырымдылық қоры тоғыз жылдан бері «Алтын жүрек» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл - қайырымдылық саласында берілетін Қазақстандағы жалғыз сыйлық. Біздің есебіміз бойынша, биыл Қазақстанда 12 млрд. теңге қайырымдылыққа жұмсалған екен»,-дейді ол.
Ж.Омарбекова сондай-ақ, Қазақстан қайырымдылық рейтингісі бойынша əлемдегі өз позициясын жақсартқанын, бұл өз кезегінде, қоғам дамуының басты көрсеткіші екенін атап өтті.
«Дүниежүзілік қайырымдылық рейтингісінде Қазақстан 121-ші орыннан 101-ші орынға көтерілді. Бұл біздің қоғамымыздың дамып келе жатқанын көрсетеді. Қанша дамыған ел болса да, ол мемлекетте көмекке мұқтаж жандар табылады»,-деді сөзін түйіндеген ол.