Сейсенбі күні Жениш Батыркулов 80 шақырым қашықтықтағы аламан бәйгеде өзінің Ақ Құла атты тұлпарымен оқ бойы озық шықты.
Батыркуловтың айтуынша, ол 25 жылдан бері ат жарыстарына қатысып келеді, сонымен бірге Чолпон Атадағы "Асанбек-ата" жылқы зауытында жұмыс істейді. «Осыған дейін мен түрлі жарыстардан 94 көлік ұтып алдым және Қазақстан Президенті Кубогын жеңіп алдым. Бұл ойындарға айдан астам уақыт дайындалдым және күткен үмітім ақталды», - деді Батыркулов.
Бірінші орын үшін ол 400 мың сом алады. Чолпон Ата қаласында 62 ел спортшыларының қатысуымен 3-8 қыркүйек аралығында ІІ Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтіп жатыр. ДКО-2016 бағдарламасына 26 ұлттық спорт түрлері енген.