Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің делегациясының қатысқаны жөнінде баяндады. Түркі қоғамдастығы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады.
14:38, 03 Қазан 2022
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылы Қазақстанда өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылы Қазақстанда өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдауы кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.