Бұл туралы «Айгине» мәдени-зерттеу орталығынан мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.
Ақпаратқа сәйкес ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылуында өнер көрсету үшін «Эн Белги» ансамблі құрылды. Қазір елдің барлық өңірлерінде дайындық жүріп жатыр.
Кеше И. Арабаев атындағы қырғыз мемлекеттік университетінде Бішкек, және Шудың ансамбль топтары ортақ дайындық өткізді. Оған қалалық № 1, 2, 3, 5, 8, 7 музыкалық мектептері, сондай-ақ Лебединовка және Беловодское ауылдарының музыкалық мектептері қатысты.
Еске салсақ, ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Ыстықкөлде 2016 жылғы 3-8 қыркүйек аралығында өтеді.