Қырғызстан ұлттық банкінің өкілдері мұндай оқиғаның банк тарихында тұңғыш рет орын алғанын айтуда. Бір тәулікте Қырғыз республикасының ұлттық банкінің Бішкектегі бас кеңсесінің кассасы шектеулі 1000 дана тиражбен шығарылған монеталардың бәрін айналымға шығарған.
Ерекше төртбұрыш дизайнда естелік ретінде шығарылған 10 сомдық монеталар 3-8 қыркүйек күндері Қырғызстанда, Ыстықкөл жағасында өтетін Екінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арналып отыр.