«Сайыс Түркияның Изник қаласында өтеді. Оған Қазақстан атынан жалпы 80-ге жуық делегат қатысады. Оның ішінде 49 спортшы бар. Бұл спортшылардың 50 пайызы мемлекет бөлген қаржы есебінен, ал қалған 50 пайызы ұйымдастырушы тараптың есебінен барады. Сонымен қатар, біз қазақ күресінен тұңғыш рет әйелдер құрама командасын да алып бара жатырмыз. 3 спортшы әйел болады», - деп атап өтті Самат Ерғалиев.
Еске салайық, 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.
Қоса кетсек, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық топ қай сайыстан жүлде алуы мүмкін екеніне болжам жасаған болатын.