Дәстүр бойынша, салтанатты шеруде әр елдің делегациясын ту ұстаушылар бастайды. Биылғы Универсиадада Қазақстан құрамасының туын Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 3-курс студенті, 19 жастағы дзюдошы Қаблан Нұрсұлтан ұстап өтеді.
Нұрсұлтан дзюдомен 2013 жылдан бастап айналыса бастады. Оның қоржынында 12-ден астам жүлделі орын бар. Олардың ішінде: жасөспірімдер арасында дзюдодан ҚР Чемпионатында 1-орын, жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия чемпионатында 3-орын, академик Қ. Сәтбаевты еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнирде 2-орын, қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінде 1-орын және т.б.
Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Дзюдодан ҚР спорт шебері, дзюдодан Қазақстан ұлттық және жастар құрамасының мүшесі.