Дүниежүзінде A/H1N1/ тұмауынан 700 адам көз жұмды - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

АСТАНА.  Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат  -  Биылғы   жылдың көктемінен  бастап     дүниежүзінде A/H1N1/ тұмауынан   700 адам көз жұмды,  деп хабарлады кеше  Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының  ресми өкілі.

Ол,  Ұйым  басшылығының  арнайы жоспар    қарастырып жатқанын,  ол   құжатқа сәйкес,  егер  алдағы оқу  жылында  A/H1N1/   тұмауы     күшейетін болса, барлық  елдегі мектептердің  өз жұмыстарын кідірте  туруларына болатындығын   баян етті.   «Қыркүйек  айында мектептер   жабық  болады,  оқу  жылы   кешірек,   эпидемияның беті қайтқаннан кейін    басталады»,  деп  атап көрсетті    ДДҰ өкілі.