Дүниежүзiнiң 35 елi «Еуразия Барысын» тамашалайды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - 7 желтоқсан күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің жалауы желбірейді.

Ұлттық спортымыздан өтетін командалық додаға 8 мемлекеттің спортшылары қатысады. Дүниежүзiнiң 35 елi қазақ күресi мерекесiн Ресейдiң "Боец", Түркияның "ТРТ" арналары арқылы тiкелей эфирде тамашаламақ. Сондай-ақ, бұл сайысты Украина мен Грузия телеарналары да тiкелей таратуға құлықты, деп хабарлады alasharena.kz.