Бұл турнирде сегіз құрама команда бақ сынайды.
Барлық матчтар осының алдындағы, 2004 жылғы Әлем кубогының финалын қабылдаған Торонтадағы "Эйр Канада-орталық" аренасында өтеді.
Осы жылы ұымдастырушылар Канада және әлем кубогы ойындарына дәстүрлі түрде қатысатын күшті алты құраманы - алаң иелерін, АҚШ, Ресей, Швеция, Финляндия және Чехияны шақырып отыр, деп хабарлайды ТАСС.
Ал Солтүстік Америка мен Еуропаның бірлескен командасы олардың қатарына тұңғыш рет қосылатын болды.
Сонымен, турнирде 14 елді танытатын әлемнің барлық үздік ойыншылары күш сынасады.
Еуропа командасына Германия, Словакия, Швейцария, Франция, Дания, Словения, Австрия және Норвегия хоккейшілері кіріп отыр.
Алдағы бәсекеде ойыншылардың орташа деңгейі 2014 жылы Сочиде 12 команданың қатысуымен өткен олимпиадалық турнирден де күштірек болмақ. Онда Германия мен Данияның ҰХЛ-дағы өкілдері болмаған еді.