Құжатта Дүниежүзілік банктің климат саласындағы жұмысы бұдан былай да мүше елдердің сұранысы мен қажеттілігіне негізделетіні атап өтілген. Ұйым мемлекеттерге ұлттық жоспарларында белгіленген мақсаттарды іске асыруға қолдау көрсетуді жалғастырады.
-Біз климатқа қатысты қосымша тиімділікке (climate co-benefits) арналған 45 пайыздық мақсатты, сондай-ақ Климаттың өзгеруі жөніндегі іс-қимыл жоспарында көзделген 35 пайыздық межені алып тастаймыз. Біз осы уақытқа дейін серіктес елдердің сұранысы мен қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында ауқымды жұмыс атқардық. Алдағы нәтижелер әр мемлекеттің өз мақсат-міндетіне байланысты болады және халықаралық міндеттемелерге сәйкес Банктің сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.
Ұйым климат саласындағы екі негізгі көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуді және мәліметтерді жариялауды жалғастыратынын мәлімдеді. Олар – парниктік газдардың таза шығарындыларының көлемі және климаттық тәуекелдерге төтеп беру мүмкіндігі артқан адамдар саны.
Осыған дейін теңіздің жылынуы жаңа климаттық қауіптерді күшейтіп отырғаны туралы жаздық.