Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Димаштың шоу-концерті өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астана төрінде Димаштың шоу-концерті өтеді. Бұл туралы Димаштың анасы Света Айтбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Фото: Александр Павский / Kazinform

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына» дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар… Келеді барлық әлем Астанаға, Қонады Астанаға барша құстар» деген әнімізбен баршаңызды күтеміз», - деп жазды Света ханым.