Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: ел құрамасы арқан тартыстан қос алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM — VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдені қоржынға салды.

Фото: Спорт комитеті

Бүгін арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түскен ұлттық құрама тартысты бәсекеде үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бұл құраманың осы ойындардағы екінші алтыны. Кеше дәл осы спортшылар арқан тартыстың 8×8 түрінен де алтын жүлде еншілеген болатын. 

Айта кетелік самбошы Болат Сапар Көшпенділер ойындарында алтын жүлде жеңіп алған еді