Дүниежүзілік ойындарда спорттық құзға өрмелеуден Ришад Хайбуллин қола алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында спорттық құзға өрмелеуден жылдамдық (Speed 4) сайысында Ришад Хайбуллин қола алды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Дүниежүзілік ойындарының бағдарламасына енгізілген спорттық құзға өрмелеуден отандастарымыз 2022 жылы Бирменгем (АҚШ) және 2025 жылы Чэнду (Қытай) ғана қатысты. Нәтижесінде алғаш рет жүлдегерлер қатарына енді. Ришад Хайбуллин қазірге дейін 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарында жылдамдық сайысы бойынша 6-орынға тұрақтаған еді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Енді ертең Ришад Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Тоқтаров, Бекнұр Алтынбеков бастаған қазақстандық спортшылар командалық эстафетада сынға түседі. Қазірге дейін Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс, 3 қола медаль алды.
Дүниежүзілік ойындар 17 тамыз күні мәресіне жетеді.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.