ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, байрақты бәсекеге еліміздің атынан 6 спортшы қатысады.
Бұл қатардағы отандастарымыз:
Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)
Әсел Қанай (-61 кг)
Софья Берульцева ( 68 кг)
Қайсар Алпысбай (-60 кг)
Дидар Әмірәлі (-67 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
Айта кетерлігі, XII Дүниежүзілік ойындарда 96 каратэші жүлдеге таласады. Олар әлем чемпионаты және рейтинг нәтижесінде іріктелді. Каратэден жарыс 8-9 тамызға жоспарланған.
Қазақстан құрамасы 2022 жылы АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен ХІ Дүниежүзілік ойында 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алған. Нәтижесінде делегация Португалиямен бірдей көрсеткіш көрсетіп, жалпы есепе 37-сатыға тұрақтады. Алтынды Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева ( 68 кг) жеңіп алған.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 7-17 тамыз аралығында Қытайда өтетін ХІІ Дүниежүзілік ойындарында олимпиадалық емес спорттың 35 түрінен жүлделер сарапқа салынып, әлемнің 72 ел/аймағынан 5 мыңнан аса спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.