ҚР Энергетика министрілігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Теміртау қаласы әкімінің хатына сәйкес, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2-ге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізгені хабарланды.
Тексеру барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жылу маусымы басталғалы бері ЖЭО-2-де бекітілген температуралық кестеге сәйкес жылу тасығыш температурасының сақталмайтындығы анықталған. Жылу маусымында құбырдағы судың жеткілікті деңгейде жылытылмаған 8 фактісі анықталған.
Тексеру нәтижесі бойынша, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға 481 000 теңге (200 АЕК) сомасында айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылды.