Душанбе Қытайға ел аумағының бір бөлігін берді

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Тәжікстан Парламенті жалпы көлемі 1,1 мың шаршы километр даулы аймақтың бір бөлігін (барлық ел аумағының 0,77 пайызы) ҚХР-на беруді ратификациялады.

Тәжікстан үкіметі өкілдері әңгіме «тәжік дипломатиясының үлкен жеңісі» туралы болып жатыр деп сендіреді. Ресми Пекин бастапқыда 28,5 мың шаршы километрге ұсыныс білдірген еді, деп хабарлайды РБК Коммерсантъқа" сілтеме жасай отырып.

ҚХР-на ел аумағының бір бөлігін беру туралы шешімді Тәжік парламентінің төменгі палата депутаттары бір ауыздан құптады. Тек оппозициялық Республиканың жаңғыруы ислам партиясынан екі парламентарийі қарсы шықты.