Душанбе саммит пен «Орталық Азия — Ресей» кездесуіне қалай дайындалып жатыр
ДУШАНБЕ. KAZINFORM — Душанбе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің басшылары саммиті мен «Орталық Азия — Ресей» кездесуін өткізуге дайындалып жатыр. Осы маңызды саяси оқиғалар қарсаңында Тәжікстан астанасы түрленіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform
Қаланың маңызды жерлері, соның ішінде парламент пен үкімет ғимараттары, Садриддин Айни атындағы опера және балет театрының жанындағы алаңдар ауқымды гүл инсталляцияларымен безендірілді. Қондырғылар бойынша жұмыстар әлі жалғасып жатыр, 2 миллионнан астам гүл отырғызу жоспарланған.
Душанбеде 8-12 қазан аралығында өтетін маңызды саяси оқиғаларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеліп, ірі сауда орталықтары, базарлар мен мешіттердің жұмысы тоқтатылады.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен «Орталық Азия – Ресей» саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге баратыны жарияланған болатын.
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.