Бұл жағдай бүгін 1 наурыз, таңертеңгі 11:10 шамасында басталған.
Душанбемен бір мезгілде Тәжікстанның бірқатар аймақтары: Худжанд, Бустон және Соғды облысының басқа аудандарында да электр қуаты өшіп қалған.
Елдің көптеген аймақтарының жарықсыз қалуына ертеректе енгізілген энергия лимиті себеп болуы мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша, Нурек су электр стансасында апат болған.