Бүгін, 24 қарашада, Тәжікстанда өткізілген Ту күнінде болашақ құрылыс нысанының іргетасына болашақ ұрпаққа арналған жолдау салынған капсула салынды. Оның республика президенті Эмомали Рахмон салды.
Тутұғырды 2011 жылдың наурызында Ұлт сарайының жанында орнату жоспарланып отыр. Онда көлемі 30/60 метрлік жалау ілінетін болады.
Құрылыс-монтаж жұмыстары осы секілді құрылыстарды салумен айналысатын Trident Support компаниясына тапсырылды.
Қазіргі уақытта Бакуде орнатылған тутұғыр әлемдегі ең биік деп саналады. Оның биіктігі 162 метрді құрайды.