Душанбеде циркте күмбез астында трюк көрсетуде гимнаст қыз құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Душанбеде циркте төтенше оқиға болды. Тәжікстандық гимнаст қыз күмбез астында трюк жасау кезінде құлап кетті. Оны әріптесі ұстап үлгере алмай қалды, деп хабарлады lifenews.ru.

Қызды ауруханаға жеткізді, онда ол рентгенге түсірілді. Әртіс аздап жарақаттанған болып шықты. Қазір ол үйінде.

Бұл күні циркте Украина мен Тәжікстан труппалары өнер көрсетіп жатқан еді. Зардап шеккен тәжікстандық әртіс тұрақты труппа құрамында болатын.