деп хабарлайды ТР-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.
Жүздесу барысында екі елдің саясаттағы, энергетика саласындағы ынтымақтастығының даму болашағы мен қазіргі кездегі жағдайына, сондай-ақ Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынас саласындағы өзара ынтымақтастық бойынша қолданылатын шараларға ерекше назар бөлінді.
Сонымен қатар, тараптар ағымдағы жылдың желтоқсанында Душанбе қаласында үкіметаралық комиссияның кезекті 8 отырысын өткізуге дайындықты және экономиканың негізгі бағыттары бойынша болатын экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысындағы әзірленген хаттаманың жүзеге асырылу барысын талқылады.