Қазақстан Елшілігінің жәрдемдесумен «Атамекен» ҰКП Сыртқы сауда палатасы мен Тәжікстан Сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен өткен шараға қазақстандық тараптан автомобиль, құрылыс, медициналық, тағам және басқа да өнімдерді шығаратын 20 отандық өндіруші қатысты. Екіжақты келіссөздерге қазақстандық өнімдерді сатып алуға қызығушылық білдірген 100-ден астам тәжік компаниялары жиналды. Іс-шараға Тәжікстан Республикасының көлік, экономикалық даму және сауда, қаржы, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және жаңа технологиялар, энергетика министрліктерінің өкілдері келді.
18:42, 09 Тамыз 2018
Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Душанбеде Қазақстан-тәжік іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы және қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР-ның Тәжікстандағы Елшілігіне сілтеме жасап.