14:48, 24 Наурыз 2009
Душанбеде Наурыз мейрамы атап өтілді
ДУШАНБЕ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі наурыздың 22-сінде Душанбеде Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараға дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың, Тәжікстанның үкіметтік құрылымдары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, ұлттық қоғамдастықтардың басшылары қатысты, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.Мерекелік шара аясында Қазақстан Елшісі Әбутәліп Ахметов «Бәйтерек» бірлестігіне қазақтардың тарихы мен мәдениеті туралы кітаптар жинағын табыс етті. Қазақ диаспорасының өкілдеріне Наурыз күндері өткізілетін дәстүрлі шаралар туралы әңгімелеп берілді, қазақ, тәжік және орыс тілдерінде өлеңдер оқылды, ұлттық билер орындалды. Қонақтарға ұлттық дәмдер тартылды. Жиналған қауымға сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан ?дамуға» Жолдауының негізгі тараулары да таныстырылды.