Фестивальдің негізгі мақсаты — судың адам өмірі үшін аса маңызды ресурс екеніне және мұздықтардың таза ауыз судың басты көзі ретіндегі маңызына қоғам назарын аудару.
Іс-шара барысында су ресурстарын ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалану және оларды болашақ ұрпақ үшін сақтау қажеттілігіне ерекше мән берілді.
Наврузгох мәдени-ойын-сауық паркінде конференция қонақтары мен қатысушыларына Тәжікстанның тарихы мен мәдениеті таныстырылды.
Бағдарлама аясында халықтық қолөнер көрмесі, тәжік халқы мен әлем халықтарының ұлттық тағамдары ұсынылып, елдің танымал өнер шеберлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.
Фестивальге Душанбе қаласында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер де белсенді қатысты.
Әр мемлекет өз мәдениетінің ерекшелігін таныстырып, қонақтарға ұлттық тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Бұған дейін Душанбе қаласында өтетін төртінші халықаралық су конференциясына 30-дан астам елден 2,5 мыңнан аса делегат қатысатыны хабарланған еді.
Айта кетелік Тәжікстан Авиценна атындағы халықаралық сыйлық тағайындаған еді.