Шараға Тәжікстандағы Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов, Ресей-Тәжікстан университетінің проректоры У.Мансуров, Тәжікстан Президенті және Үкіметі әкімшілігінің, ғылыми-мәдени орта мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Елші Нұрлан Сейтімов екі мемлекет халқының мәдени байланыстарын жақындату үшін бүгінгі шараның маңызды екендігіне айрықша тоқталып өтті.
Кітапта Тәжістанда тұратын қазақтардың тарихына қатысты біраз тақырып кеңінен қамтылған. Сондай-ақ, онда Тәжікстанда тұрып жатқан қазақтардың бұл елдің дамуына қосқан үлесі де кеңінен баяндалып, тәжік халқымен арадағы тығыз қарым-қатынасы да сөз болған.