Дүйсенбіде кей өңірлерде қар жауып, боран соғады

Қазгидромет синоптиктері 6 қараша, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Pixabay

Республика аумағының басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ашық күн райы сақталады.

Елдің шығысында антициклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады, қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, түнде елдің шығысында жел күшейеді. 

Түнде шығыста жаяу бұрқасын болады.