Дүйсенбек Нақыповтың «Ре уақыты» атты поэмалар жинағы мен «Желдің көлеңкесі» атты романы таныстырылды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі ақын Дүйсенбек Нақыповтың «Ре уақыты» атты поэмалар жинағы мен «Желдің көлеңкесі» атты романының таныстырылымы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақынның «Ре уақыты» атты жинағына 2001-2008 жылдары жазылған он жеті поэмасы мен екі эсселер топтамасы кірген.Ал «Желдің көлеңкесі» атты романында Алматы қаласындағы адамдардың тағдыры баяндалады. Дүйсенбек Нақыпов мамандығы бойынша хореограф және журналист. Бұған дейін оның «Ғасыр кеші», «Моллюсканың әні», «Әйелдер мен пурпур» атты өлеңдер жинақтары мен «Пепл шеңбері» атты орыс тіліндегі романы жарық көрген.