Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» мекемесінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желді күші секундына 15-20 метр болады. .
Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 метр секундқа жетеді. Батыс Қазақстан облысына жел күшейеді. Атырау облысында күндіз және түнде кейбір аймақтарда тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.