Атап айтқанда, Алматыда метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың ыдырауына әсер етеді. Ал Атырау мен Талдықорғанда ауаға зиянды заттар шоғырланатыны күтілуде. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болатыны болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.