Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді, күндіз 15-20 метр болады, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Екпіні секундына 30 метрге дейін соғады.
Павлодар, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 23-28 метр болады. Кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Павлодар облысында боран соғады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде боран болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секунына 25 метрге жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.