Дүйсенбі күні Еуроодақта Париждегі террорлық оқиғаға байланысты 1 минут үнсіздік жарияланады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Еуропалық одақ елдерінде сағат 12-00-де 13 қараша күні болған Париждегі террорлық оқиға құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланады.

Бұл туралы сенбі күні ЕО үкіметі мен Еуропалық мемлекеттер басшыларының және еуропалық институттар басшыларының бірлескен мәлімдемесінде айтылды. «Еуропалық одақ Париждегі террорлық оқиғаға қатты алаңдаулы және қайғыға ортақтасады. Бұл - біздің барлығымызға жасалған шабуыл. Біз бұл зұлымдыққа қарсы бірлесіп, аяусыз күресетін боламыз», делінген мәлімдемеде. Еуропа елдерінің мемлекет басшылары Францияның қайғысымен ортақтасып, еуропалық деңгейде оның қауіпсіздігі үшін барлығын жасайтынын айтты. ЕО лидерлерінің мәлімдемесінде: «Франция - ұлы, қуатты мемлекет. Оның еркіндік, демократия құндылықтары, теңдік, бауырластық қасиеті Еуроодаққа қуат беріп келген, бере беретін де болады», деп айтылған. «Біз, еуропалықтар, 2015 жылдың 13 қарашасын Еуропадағы қаралы күн деп санаймыз. Барлық еуропалықтарды дүйсенбі күні сағат түскі 12-00-де 1 минут үнсіздік жариялауға шақырамыз», делінген мәлімдеме қорытындысында.