Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, күн күркірейді.
Қостанай облысында түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.
Республиканың батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.