«Қазгидромет» мемкемесінің мәліметтеріне қарағанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші 15-23 метр/секундқа жетеді. Кей жерлерде 23/28 тіпті 30 метр/секундқа дейін жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 метр/секундқа дейін күшейеді. .
Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі.