Дүйсенбі күні Өскеменде ауа ластануы ықтимал
04:52, 26 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 тамыз күні Қазақстанның бір ғана қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сенсек, дүйсенбіде Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.